1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің драматургияда бейнеленуі
Ғылыми мақалада өткен ғасырдың орта шенінде жазылған, ұлт-азаттық көтерілісін,қазақ жеріне кеңес өкіметінің орнағанын баяндайтын драмалық шығармалар талданған. Мұндадраматургтердің аталған тақырыпты жазудағы жазушылардың шығармашылық ізденістері, олардың басты айтар ойы мен идеясының тарихи ситуациялардың мәнін ашуға негізделгендігі жанжақты сөз болады. Зерттеуші қазақтың хас батыры Амангелді Иманұлының тарихи бейнесін суреттейтін Ғ. Мүсіреповтің «Амангелді» және Ш. Құсайыновтың «Caxapa үстіндегі жалау» тарихидрамаларын негізге ала отырып, авторлардың халық батырының қаһармандық болмысын ашудағымаңызды ойларын атап өтеді. Сол сияқты З. Шашкиннің «Замана осылай басталды» пьесасыныңбасты кейіпкері Тоқаш Бокиннің төңкеріс уақытындағы қазақ халқын азаттыққа жетелеуін, езгіденеркіндікке ұмтылған жастарды бастауын ашып жазған. Автор өткен ғасырдың басында қазақ жерінде болып өткен азамат соғысының қоғам мен адам өміріне кері әсерін, яғни сол уақыттағы кеңестікқұрылымның қазақтың ұлт ретінде дамуына тигізген зардабын нақты дәйектер арқылы зерделейді. Зерттеуге алған шығармалардағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлердің қоғамдық-әлеуметтік орны олардың мінез ерекшеліктеріне, шығармадағы әлеуметтік орнына назар аудару арқылыашылған. Мақала авторы пьесалар жазылған уақыттағы драматургтердің көзқарасын бүгінгі жаңапайым-түсінікте қарастырады. Сондай-ақ, драматургтердің шығармадағы оқиғалар тізбегін қисынсыз құруы да назардан тыс қалмаған
Сведения
- Опубликовано
- 2020 · Т. 132, № 3, С. 28-35
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2616-678X · 2663-1288
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University