Central AsianResearch Index

Тұрмыс-салт ертегілеріндегі мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық сипаты

Мақала қазақ фольклорының тамаша үлгілері тұрмыс-салт ертегілеріндегі мақал-мәтелдердің тілдік ерекшеліктерін этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеуге арналған. Көне дәуірден келе жатқан ертегілердегі мақал-мәтелдер сол ертегіде айтылғаноқиғаның, әңгіменің түйінін, тұжырымын береді. Ертегілерде қолданыс тапқан мақал-мәтелдердің мән-мағынасы мен пайда болу уәжін айқындау этнос болмысымен, оның танымымен тікелей байланысты екендігін көрсетеді. Ертегілерде көрініс тапқан қазақтыңмақал-мәтелдері мен басқа да паремиялар халықтың аялық білімін көрсетеді. Ал аялықбілім танымдық қызметпен, адамның ойлау жүйесімен байланысты. Ұлттық тілдің табиғатын тануда осы аялық білімнің маңызы зор. Олай болса, халқымыздың ерте дәуірден бергі ойлау жүйесінің, аялық білімінің жиынтығын құрайтын мақал-мәтелдердің пайда болу,шығу уәжін айқындауда халық ертегілерінің маңызы ерекше

Сведения

Опубликовано
2020 · Т. 131, № 2, С. 94-100
Язык
Казахский
ISSN
2616-678X · 2663-1288
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University