Ақтамберді Сарыұлы толғауларының әлеуметтік-психологиялық мәнін зерделеу
Мақалада Ақтамберді Сарыұлының толғауларындағы әлеуметтік-психологиялық ой-сана көрінісінің герменевтикалық бағыттағы сипаты талданған. Оның шығармаларын зерттеудің басқа әдіс-тәсілдеріне көңіл бөліп, жырау толғауларындағы адам санасын оятып, сілкіндіріп, мотивация беріп, ақындық «мен» мен ішкі мұңның лирикалықсипатта жырлануы сөз болады. Ақындық «мен» және көңіл күйдің, ішкі мұңның байланысын қарастыра келе, Ақтамберді толғауларындағы романтикалық, психологиялық сарынғаназар аударыла отырып, «ақындық жалғыздық» мәселесі қарастырылды. Ақынның жанжалғыздығы, рухани ахуал - шығармаларына арқау болған мотивтер. Жырау толғаулары дидактикалық, философиялық бағытта зерттеліп, оның жырларындағы ұлттық бояу, ұлттықменталитет, ұлттық колорит мәселесі қарастырылған еңбектер баршылық. Жырау шығармашылығының басты ерекшелігі де осылар еді. Ал бұл мақалада осы пікір-тұжырымдардыжалғастыра келе, психологиялық-аналитикалық талдау жасалып, теориялық тұрғыда бағаберілді
Сведения
- Опубликовано
- 2020 · Т. 131, № 2, С. 71-76
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2616-678X · 2663-1288
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University