Central AsianResearch Index

Тілді оқыту және ОӘК: жетілдіру ізденісі

Мақалада білім беру, оқыту үрдісінде «Қазақ тілі» пәні тәжірибелік сабақтарының оқу-әдістемелік кешенін (ОӘК) қазіргі талап тұрғысынан қарастыру мен тілүйрету әдістемесі сөз болады. ОӘК-нің лексикалық-танымдық тақырыптарын даярлауда белгілі бір ережелерді орындау, тіл бағдарламалары мен стандарттарындағы көрсеткіштерді есепке алу ұсынылады. Оқылым, тыңдалымға арналған мәтіндердің көлемі менмазмұнын талдау, монолог-диалогтардағы лексикалық минимум рөлін арттыру – бастымәселелердің бірі. «Қазақ халқының дүниетанымындағы рухани құндылықтарды» арнайыбөлім ретінде енгізу және оны меңгеруге арналған жаттығулар мен тексеруге қолайлытапсырмаларды әзірлеу – білім саласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырумен түсіндіріледі.

Сведения

Опубликовано
2023 · Т. 131, № 2, С. 128-134
Язык
Казахский
ISSN
2616-678X · 2663-1288
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University