Қазақ балалар фольклорының жанрлық жіктелімі
Бұл мақалада қазақ балалар фольклор жанрының халық ауыз әдебиетіндегі ерекшеліктері мен аңызға айналған әдеби туындылар туралы баяндалады. Тарихи деректердегі келтірілген зерттеулердің қазіргі күнгі әдебиет ғылымындағы өзекті мәселелердің шешімін табуға арқауболатындығы туралы айтылады. Фольклор туындыларын жинақтап, халықтың ұрпағына қалдырған рухани азығын игеріп,оның шығу тарихын игеру, ғылыми тұрғыда талдаулар жасау, тәжірибежүзінде жүргізілген елеулі еңбектің нәтижесін көрсетеді. XIX ғасырдағы халық ауыз әдебиетініңдамуынан бастау алған қазақ балалар фольклорының дамуы мен қалыптасуына зор үлес қосқанЫбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев шығармаларындағы әдебиет пен қазақ балалар фольклорының туындыларын құрудағы ерекшеліктер қарастырылған. Халық ауыз әдебиетіндегі әдіснамалық-ғылыми зерттеулердің, фольклорлық туындылар жайындағы теориялық талдаулардың нәтижесінде айқындалған фольклор туындыларының халық арасында пайда болып, қазіргі күнге келіпжеткендігі, балаларға арналған фольклорлық шығармалардың халық ауыз әдебиеті ғылымындағымаңызы мен құндылықтары, болашақ ұрпақ тәрбиесіндегі орны баяндалады.
Сведения
- Опубликовано
- 2020 · Т. 130, № 1, С. 8-14
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2616-678X · 2663-1288
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University