Көне түркі жазба ескерткіштерінің жанры және Құлмат Өмірәлиев зерттеулері
Мақалада көне түркі жазба ескерткіштерінің жанрлық сипаты, ерекшеліктері қарастырылады. Көне түркі әдеби ескерткіштерінің жанрын айқындау – тек олардың көркемдік қуатын, поэтикалық құнарын саралау ғана емес, аталмыш туындылардың тарихи, стратегиялық маңызын, негізгі идеялық мұратын, миссиясын бағалау болып табылады. Аталмыш мәселе бойыншасоңғы бір ғасырдан астам уақытта көптеген тарихшылар мен әдебиеттанушылар, тілші-ғалымдарғылыми пікірлер білдірген. Еңбекте көне жәдігерлердің жанрына байланысты біршама ғалымдардың әр кезеңдегі зерттеулері, тұжырымдары мен қорытындылары талданады. Жазба ескерткіштердіпоэзиялық және прозалық туынды деп таныған ғалымдардың негізгі ғылыми дәлелдері және мәтіннегізіндегі талдаулары беріліп, салыстырылады. Сонымен қатар, көне түркі әдеби жәдігерлерінзерттеуші Құлмат Өмірәлиевтің аталмыш мәселеге байланысты зерттеу еңбектерінің ерекшеліктері, негізгі тұжырымдары мен қорытындылары сараланып, ғылыми маңыздылығы көрсетіледі.
Сведения
- Опубликовано
- 2020 · Т. 130, № 1, С. 29-36
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2616-678X · 2663-1288
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University