Әңгіме жанры мәтінінің бастапқы және соңғы сөйлемдеріндегі көркемдік тәсілдер
Мақалада көркем шығарма мәтіндеріндегі бастапқы және соңғы сөйлемдердіңатқарар стильдік қызметі, көркемдік сипаты сияқты тілдік параметрлері қарастырылған. Көркемшығарманың жаны мен жүрегі сөз десек, суреткер көркем туындыда қандай да бір ұлттық нақыштыкөрсетуде өзінің сөздік қорындағы тілдік құралдарға және шығармашылығына иек артатыны сөзболады. Автор мен оқырман арасындағы әдеби қарым-қатынас көркем мәтін арқылы жүзеге асады.Көркем сөз – ойды және сезімді образ арқылы бейнелейтін ерекше өнер. Тіл көркем шығармада ерекше эстетикалық қызмет атқаратынына көңіл бөлінген. Адам өз ойын жеткізу үшін ғанасөйлесіп қоймайды, көңіл-күйін, эмоциясын білдіру арқылы басқа адамдардың да сана-сезімінеәсерін тигізетіні, автор мен оқырман арасындағы әдеби қарым-қатынас көркем мәтін арқылы жүзеге асатыны жөнінде айтылады. Көркемдік тәсілдердің бастапқы және соңғы сөйлемдердегі стилистикалық, семантикалық қызметтері оқырман назарын бірден аудартатындығы, әңгіме семантикасын түсінуге бағдар беретіні мысалдармен талданады
Сведения
- Опубликовано
- 2020 · Т. 130, № 1, С. 21-28
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2616-678X · 2663-1288
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University