Прецедентті есімдер: фольклордың ықпалы және әлем мәдени кеңістігіндегі орны (неміс тілі материалы негізінде)
Мақалада прецедентті феномен ұлттық мәдениеттен ақпарат беретін тілдік бірлікретінде қарастырылды. Прецедентті мәтіннің мәтін түзуші тілдік таңба ретінде нақты бір ұлт мәдениетінде алатын орны, оның қалыптасып, тілдік санада бекіп қалу үрдісі, прецедентті мәтіндердіңнақты бір мәдени қауымдастықтың тілдік санасынан өзге басқа да мәдени кеңістік өкілдерінің тілдік санасына орныға алу қабілеті сөз болды. Оның ішінде прецедентті есімдер мазмұны талданды.Қазіргі таңда прецедентті жалқы есімдер семантикасының дамуы концептуалдану үрдісініңмаңызды бөлігіне айналып, әлемнің ұлттық тілдік бейнесін анықтау барысында бағалау/бағамдаутәрізді өзіндік қызмет атқарады. Осы себепті прецедентті ЖЕ қазіргі лингвистикалық зерттеулердетанымдық әлеуетке ие феномендердің мәдени-спецификалық табиғатын қарастыратын зерттеу аймағына жатады. Прецедентті жалқы есімге танылған ұлттық түсінік тіл мен ойлау, тіл мен мәдениетарақатынас байланысы бойынша зерттеулер үшін де маңызды.
Сведения
- Опубликовано
- 2019 · Т. 129, № 4, С. 93-98
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2616-678X · 2663-1288
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University