Жамбылдың жыршылық өнері: қалыптасуы мен ерекшелігі
Мақалада қазақ әдебиеті тарихындағы жыршылық пен ақындық өнердің хас шебері саналатын, қазақ поэзиясының алып бәйтерегі Ж.Жабаевтың жыршылық өнерінің қалыптасуыжан-жақты қарастырылған. Жамбыл – өз дәуірі мен қоғамының өмір шындығын отты тілімен шебер суреттей білген суырыпсалма ұлы ақын. Оның поэзиясы қазақ халқының сол тарихи кезеңдегібасынан кешкен ауыр тауқыметіне арнаған жырлар легінен тұрады.Мақалада алдымен қазақ дәстүріндегі жыршылық өнердің қалыптасу тарихы, басты ерекшеліктері, синкреттілік сипаты Орта Азия халықтарымен салыстырыла отырып сипатталған. Өнерпаз бойына жыршылық өнердің қонуы жыршы Жамбыл өмірінен естеліктерге сүйене отырыпсарапталды. Бойына жыр қасиеті дарыған талантты ақынның алдыңғы толқын ұстаздары мен ақындық ортасы да мақалада аталып өтіледі. Жыр алыбының ақындық тұлғасының қалыптасуы тарихидеректерге сүйене қарастырылды. Ақын шығармашылығының поэзиялық қырының жан-жақтылықсипатын айқындау мақсатында оның нақты өлеңдерінен үзінділер келтіру арқылы, оларды поэтикалық тұрғыдан қарастыру негізінде талданды. Ақын өзі өмір сүрген замана шындығын гуманистіккөзқарастары негізінде философиялық байламы бар терең ойларымен ұтымды жеткізе білген. Осыөлеңдердің негізінде жыр алыбы Жамбылдың ақындық қуаты айқындалды.
Сведения
- Опубликовано
- 2022 · Т. 129, № 4, С. 53-60
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2616-678X · 2663-1288
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University