Ғалым Жайлыбай поэзиясындағы жаңа ізденістер
Мақалада поэзия жанры соның ішінде қазіргі қазақ поэзиясының бағыт-бағдарлары мен көркемдік ерекшеліктері талқыланып, соған сәйкес тұжырымдар жасалынды. Қазақ поэзиясының алтын жауһары саналатын ақын Ғалым Жайлыбай поэзиясының тілдік, көркемдік ерекшеліктеріне сүйене отырып, ақынның дүниетанымы мен көзқарасы жайлы сөз етіледі. Поэзияныңбасты өзегі – халық тұрмысымен қатар өмір сүретін ақын жүрегінің басты ерлігі түсіндіріле отырып, талданады.Ақын Ғалым Жайлыбай өз поэзиясының басым бөлігін тұрмыстық және тарихи жырларғаарнаған. Сондықтан да ондағы жыр шумақтары тікелей нақтылық пен реттілікке құралған. Қазақпоэзиясына әкелген жаңашыл ізденістері мен тың көзқарастары оқырман жүрегіне жаңаша серпін сыйлағаны сөзсіз. Олай болса, ақынның аңыз бен ақиқатқа негізделген поэзиялық туындыларыжан-жақты түсіндіріліп, тұжырымдалады.
Сведения
- Опубликовано
- 2019 · Т. 129, № 4, С. 32-38
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2616-678X · 2663-1288
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University