Мәтін теориясының кейбір мәселелері
Мәтіннің мәні, даму тарихы уақыт өткен сайын толығып отырады. Оған дәлел- мәтіннің көп қырлы сипаты. Мәтіннің негізгі қасиеті – оның қарым-қатынас функциясында. Бұлсипат көркем мәтіннің болмысын толық ашады. Мәтін – тек қарым-қатынас жасаудың әдепкі формасы ғана емес, мұнда сөздің барлық қырлары – тікелей, жасырын, көркем, ишара, ықпалдас, символдау, монолог, диалог тәсілдері ашылады. Ендеше мәтінде сөздің тікелей мағынасы ғана емес,астарлы мәні, белгі-сипаттары айқындалады. Мәтінде ақпараттың жаңа, көркем, бейнелі, жалпы,дербес түрлері жинақталады. Бұл ретте, мәтін - сөзді сақтаудың, жеткізудің, сол арқылы белгілі біртарихи дәуір бейнесін, әлеуметтік жағдайды, адамға тән сезім-күйі мен психологияны жеткізудіңерекше құралы. Мәтінге берілетін әдебиеттанушылық, философиялық, лингвистикалық анықтамалар мәтіннің көпсалалы болмысын айқындайды
Сведения
- Опубликовано
- 2019 · Т. 129, № 4, С. 24-31
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2616-678X · 2663-1288
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University