Central AsianResearch Index

Лингоэкология және медиакеңістік

Бұл мақалада қазақтілді медиакеңісті лингвоэкологияның зерттеу нысаны ретіндеқарастырудың маңызы өзектеледі. Лингвоэкология – тілді, тілдік сананы сақтау және дамыту мәселелерімен айналысатын тіл білімінің пәнаралық жаңа бағыты. Қазақ тіл біліміндегі лингвоэкологияәлемдік лингвоэкологияның маңызды тұжырымдарын зерттеулеріне арқау ете отырып, өзінің дербес пәндік тұғырын айқындауға бағытталды.Сондықтан авторлар қазақ тіл білімінде қалыптасу үдерісін өткеріп жатқан лингвоэкологияның алдымен мақсат-міндеттерін айқындайды. Оның басты міндеті қазіргі тілдің, антропонимдердің тілдік және ақпараттық кеңістік жағдайын диагностикалау екенін анықтай отырып, тілділингвоэкологиялық тұрғыдан зерттеудің нысанына медиакеңістікті алудың басымдығын көрсетеді.Лингвоэкологияның негізгі ұғымдарының бірі тілдік орта десек, бүгінгі трансформацияланғансандық медиа белсенді тілдік ортаға айналды. Сондықтан қазіргі медиакеңістік тілінің лингвоэкологиялық тұрғыдан зерделенуі, оның лингвоэкологиялық жауапкершілігінің анықталуы арнайызерттеуді қажет етеді

Сведения

Опубликовано
2019 · Т. 129, № 4, С. 125-132
Язык
Казахский
ISSN
2616-678X · 2663-1288
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University