Кірме сөз мәселелерін зерттеудегі интегративтік тәсілдер
Халықаралық байланыстардың негізінде тіларалық қатынастардың күшейетіндігін ескерсек, оның негізгі индикаторларының біріне, сөз жоқ, кірме сөздер жатады. Кез келген тілдің сөздік қоры, бір жағынан, сол тілдің өз мүмкіндіктерін саралап пайдалану, іштен түлеу жолымендамып, молайып отыратын болса, екінші жағынан, өзге тілдерден кірме сөздерді қабылдау арқылытолығады. Кез келген тілдің лексикалық қорына, салалық терминологиялық қабатының қалыптасуына қатысты мәселелерді басқа ғылымдармен (этнология, психология, әлеуметтану, мәдениеттану т.б.) байланыста зерттегенде ғана нәтиже бермек. Интеграциялық тәсіл бойынша зерттеуді қажетететін тіл біліміндегі аса маңызды тақырыптар қатарына кірме сөз мәселесі жатады. Мақалада кірме лексемалардың теориялық және методологиялық негіздері лингвистикалық контактологияныңинтегративтік тәсілдерге (этнолингвистика, психолингвистика, социолингвистика, лингвомәдениеттану, лингвоэкология) сәйкес кешенді түрде анықталды
Сведения
- Опубликовано
- 2021 · Т. 129, № 4, С. 108-118
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2616-678X · 2663-1288
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University