Central AsianResearch Index

Қазіргі қазақ әңгімесіндегі антропоморфизм көрінісі (Асқар Алтайдың «Кентавр» әңгімесі бойынша)

Ежелгі дүниетаным мен ілкі санадан бастау алатын антропоморфизмдер – өнердегі көркемдік әдіс. Алайда антропоморфизмдер бүгінде формасын өзгертіп, символдық, тұспалдық мәнге ие болуы нәтижесінде көбіне шығармадағы айтылар ойды жеткізуге ықпал етіп, көркемдік-эстетикалық қызмет атқарады Мақалада қазіргі қазақ әңгімесіндегі антропоморфизмніңқаламгер мұратын, ұстанымын танытудағы осы қыры талқыланады. Сондай-ақ антропоморфтықтанымның қазақ халқының фольклорында, күнделікті тұрмыс қолданысында кездесуіне шолу жасалады. Мифология мен көркемдіктің үйлесімін талдау арқылы мифологиялық және антропомифологиялық бейнелеулердің бүгінгі әдеби дамудағы өзіндік ерекшелігі мен маңызы көрсетіледі, өміршындығын бейнелеу тәсілдеріне сараптау жасалады. Жазушы Асқар Алтай әңгімелерінде мифтіккейіпкерлер мен сюжеттердің уақыт көшіне орай трансформациялануы, қаламгердің оны құбылтапайдалану шеберлігін тану қазіргі кезең әңгімелерін жаңа көзқарас тұрғысынан талдаудағы өзектімәселелердің бірі деп санаймыз.

Сведения

Опубликовано
2021 · Т. 128, № 3, С. 59-67
Язык
Казахский
ISSN
2616-678X · 2663-1288
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University