Central AsianResearch Index

«Мифологем» терминінің этимологиялық сипаты

Адамзаттың қалыптасып даму сатысында оның мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салтдәстүрін, ұлттық ерекшеліктерін зерттеу қазіргі таңда маңыздылыққа ие. Адамның қоршаған ортанытүсінуде ой-санасының жетілуі қоғамдық мәдени өмірінде әлеуметтік мәнге ие болды. Кез-келгенэтностың мәдениеті миф арқылы танылады. Миф арқылы халықтың рухы, оның болмысы, табиғаты мен өмірі көрінеді. Мақалада швейцарлық танымал философ әрі психолог К.Г. Юнг есіміменбайланысты маңызды ұғым - «мифологем» терминінің этимологиялық мағынасы қарастырылды.Зерттеу жұмысының негізгі тұжырымдамасы бойынша зерттеуші-ғалымдардың терминге байланысты ой-пікірлері мен терминологиялық сөздіктердегі анықтамалары назарға алынды.Кез-келген этникалық топтың ұлттық жадында сақталған, әрбір ұлттың мәдениетінде көрініс табатын «мифологема» термині сипатталды. Терминнің мағынасын ашуда «архетип-мифоним-мифологем-мифема» ұғымдарының байланысы айқындалды. Жұмысты талдау барысында термингеберілген анықтамалар жүйеленді.

Сведения

Опубликовано
2019 · Т. 128, № 3, С. 44-50
Язык
Казахский
ISSN
2616-678X · 2663-1288
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University