Эпистолярлық мұра: хаттар мен хаттасулар (Сәбит Мұқанов жазбалары негізінде)
Мақалада Сәбит Мұқановтың мол шығармашылық мұрасына арқауболған, оқырмандармен, ғылыми ортамен жазысқан хаттары мен түрлі жазба-деректері талданып, эпистолярлық жанр аумағына қарастыруға болатын деректер қамтылған. Жазушының алуан жанрды жан-жақты қамтитындығын, тақырыптық һәм көркемдік-эстетикалыққұндылықтарды арттырғандығын, әдеби реалистік мән мен стильдік ерекшеліктерді қолданғандығын, бай қазақы тіл мүмкіндіктерін қалың көпшілік қолданысына лайықты жеткізе білгендігін ескеріп, мәдени-рухани сұраныстарымызды толықтыру мақсатында СәбитМұқанов жазбалары қамтылған.Сәбит Мұқановтың эпистолярлық мұрасы (хаттар мен хаттасулар) қалың көпшіліктен бастап, әртүрлі кәсіп иелері, оның ішінде мектеп оқушылары мен студент жастар, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, танымал тұлғалар, кино және театр қайраткерлері,еңбек адамдары т.с.с кеңінен қамтып, оның бәрі – баршасында ұлт мұрасы мен руханият ісі,көркемөнер мәселесі, әдеби шығармашылық пен оны дамыту мен жетілдіру жайы кеңіненқозғалады. Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы туралы зерттеу еңбектері, бағалы ой-пікірлер жүйесі де бай мазмұн, тағылымды тұстарымен маңызды болып табылады.
Сведения
- Опубликовано
- 2019 · Т. 128, № 3, С. 15-22
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2616-678X · 2663-1288
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University