Қазақ және түрік тілдеріндегі тыныс алу жүйесіне қатысты тұрақты тіркестердің ерекшеліктері
«Мәңгілік елдің» мәңгілік тілі ретінде қарастырылып келе жатқан тіліміздің ерекше байлығын көрсететін тұрақты тіркестер осы уақытқа дейін қазақ тіл білімінде түрлі аспектідезерттеу нысанына алынып келеді. Бірақ барлығы дерлік зерттелді деуге болмас. Бұл, әсіресе анатомиялық атауларға байланысты, оның ішінде тыныс алу жүйесіне қатысты атаулар ұйытқы болғантұрақты тіркестер зерттеу нысаны ретінде тілдік тұрғыдан арнайы қарастырылмаған еді. Ұсынылған мақалада сөз болған лексикалық қабаттың қолданыс ерекшелігі жан-жақты сараланады.Сол себепті салыстырылып отырған қазақ және түрік тілдеріндегі тыныс алу мүшелерінің атауларына қатысты тұрақты тіркестердің адам факторы тұрғысынан мағыналас топтарға жіктелуі оныңішкі мағыналық ерекшеліктерін айқындаудың ұтымды әдісі ретінде саналады.Мақала ішкі ағза атауларына байланысты соматикалық фразеологизмдердің жоғарыдааталған тармақтарының жеке-жеке қолданыс ерекшелігін көрсету арқылы қазіргі қазақ әдеби тілінен алатын орнын анықтау мақсатында жазылды. Ол үшін мағыналық жіктерге бөлу әдісі қолданылды. Яғни, олардың тарихи кезеңдерде өз дәрежесін жоғалтпай, қазіргі әдеби тілімізге дейінжетуі екі саланың бір-бірінен алшақ кетпегендігімен дәлелденді.
Сведения
- Опубликовано
- 2019 · Т. 128, № 3, С. 146-152
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2616-678X · 2663-1288
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University