Синтаксистік құрылымдағы актуалдану, деактуалдану құбылыстарының грамматикалық заңдылықтарға ықпалы
Мәтін аясында грамматикалық заңдылықтардың бірі екіншісіне әсер ете отырып,ішкі байланыста қозғалатыны белгілі. Сондықтан бүгінде сөйлеу тілінің қажеттілігіне сәйкес табиғи түрде қалыптасатын грамматикалық заңдылықтардың пайда болуы салыстыра зерттеуді қажететеді. Ұсынылған ғылыми мақалада бірнеше грамматикалық заңдылықтарға ықпалы бар актуалдану, деактуалдану құбылыстарының ерекшелігі, синтаксистегі басқа заңдылықтарға әсері талданған.деактуалдану құбылысы нәтижесінде синтаксистік бірліктердің орын тәртібінің өзгеруі, сөйлем мүшелерінің ықшамдалуы немесе сөйлем құрамынан оқшаулануы пайда болатыны дәлелді мысалдармен сараланған. Нәтижесінде, деактуалданған орындағы сөйлем мүшелерінде сатылы грамматикалық өзгерістер пайда болып, бір орынды, жарыспалы инверсия, ықшамдалу заңдылықтарыныңжәне оған ілесе бір құрамды сөйлемдер мен мүшеленбейтін сөйлем түрлерінің қалыптасатыныдәлелденген. Олардың мәтін аясындағы грамматика-стилистикалық қызметтері сараланған.
Сведения
- Опубликовано
- 2019 · Т. 128, № 3, С. 107-114
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2616-678X · 2663-1288
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University