Central AsianResearch Index

Сұлтанбек Қожанұлының қаламгерлік қызметі мен шығармашылығы

Мақала алаш ағартушылығына, мәдени өміріне үлес қосқан белгілі қайраткерСұлтанбек Қожанұлының қайраткерлік және қаламгерлік қызметіне арналған. Қайраткердің еңбегіХХ ғасырдағы қазақ ағартушылығы мен мәдениетінің дамуына тың серпін берді. Сондықтан С.Қожанұлының шығармашылық жолын зерделеудің маңызы зор.ХХ ғасырдағы рухани саладағы жетістіктерді танып-білу заманауи ғылымның өрлеуінебағыт-бағдар береді. Аталған кезеңдегі ұлттық ұстаным білім, мәдениет, өнер, саясат, ғылым, экономикада көрініс тапты. Оның құнды тұстарын бүгінгі заманда ескеріп, қолданысқа енгізу міндеті алда тұр. Бұл ретте алаштың ардақты тұлғасы С.Қожанұлы еңбектері мен өнегелі қызметініңтағылымы мол. Оның қазақ баспасөзінде жарияланған мақалаларында ұлт тағдырына қатыстыөзекті мәселелер қозғалады. Жан-жақты дарынды тұлға публицисттік, әдебиет сыншысы, педагогтік, қайраткерлік, әдебиетші және ақындық қырларымен ерекшеленеді. С.Қожанұлының ұлт зиялыларымен бірге рухани салада атқарған қызметі тарихтан өз бағасын алды.

Сведения

Опубликовано
2019 · Т. 127, № 2, С. 91-97
Язык
Казахский
ISSN
2616-678X · 2663-1288
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University