Ертегілердегі «Жер асты әлеміне саяхаттау» мотиві
Мақалада батырлық ертегілердегі басты кейіпкердің жер асты әлеміне саяхат жасау мотиві негізгі нысан ретінде алынады. Ұлттық танымдағы батырларға тән қасиет пен ертегідегі сюжеттік желінің қайталануына назар аударылады. Батырлық ертегілерде ең жиі қайталанатынСамұрық құс, Бәйтерек, Айдаһар бейнелерінің символикалық мәні көрсетіліп, осы үш элементтіңдәстүрлі мотивке айналуына талдау жасалады. Мифтік танымға сәйкес, Самұрық құс, Бәйтерек,Айдаһар бейнелерінің қазақ батырлық ертегілерінен бөлек өзге де халықтардың ертегілерінде сюжеттік желінің қайталануы салыстырмалы талдау негізінде көрсетіледі. Батырлық ертегілер мазмұнындағы мифопоэтикалық сананың, мифтік танымның, мифтік мотивтер мен бейнелердің тұрақтыкөрінісі қарастырылады. Ежелгі дәуірлерден сақталып жеткен ертегілердегі сюжеттік желілер менмифтік мотивтерге қатысы туралы талдаулар негізінде тұжырымдар жасалады.
Сведения
- Опубликовано
- 2019 · Т. 127, № 2, С. 8-14
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2616-678X · 2663-1288
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University