Central AsianResearch Index

«Дариға қыз» және «Қисса Шаһизинда» дастандарының поэтикасы мен типологиясы

Қазақтар арасында ауызша да, кітаби түрде де кең тараған діни мазмұндағышығармалардың қатарында «Дариға қыз» және онымен мазмұндас «Қисса Шаһизинда» дастандарын атауға болады. «Дариға қызды» алғаш рет М.Жұмашұлы, ал «Қисса Шаһизинданы» Ж.Шайхысламұлы жариялаған. Екі дастанда да көптеген діндерде құтқарушы ретінде көрсетілетін Мәһди баскейіпкер болып көрінеді. Алайда бұл екеуіндегі Мәһдидің ата-анасы мен дүниеге келуі жайындағымәліметтерде елеулі діни-дүниетанымдық айырмашылықтың көрінісі бар. «Дариға қыз- да» шиғалық көзқарастың орны елеулі түрде көрінеді. Діни ұстанымы сүнниттік болғаны айқын Ж.Шайхысламұлының «Қисса Шаһизиндасында» «Дариға қыздағы» осы ұстанымды терістеу мақсатында,Шығыс әдебиетіндегі «жауап» дәстүрінің арнасында жазғаны аңғарылып тұрады. Бұл екі кісіні деаталған дастандардың авторы деп айту қиын. Екі дастанның да мазмұнынан және көркемдігіненолардың фольклорлық айналымда көп болғаны және әуелгі шығарушылары оларды халық аузындаайтылған аңыздар негізінде тудырғаны көрініп тұрады. Екі шығарманы салыстыра зерттеу фольклор мен жазба әдебиеттің өзара байланысын, қазақ даласындағы діни көзқарастардың сөз өнеріндеіз қалдыруын тереңірек тануға жол ашады.

Сведения

Опубликовано
2019 · Т. 127, № 2, С. 45-51
Язык
Казахский
ISSN
2616-678X · 2663-1288
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University