Central AsianResearch Index

Қазіргі қазақ прозасындағы фольклорлық мотивтер

Мақалада қазіргi қазақ прозасындағы фольклорлық мотивтер кездесетін бiршама шығармалар туралы баяндалады. Әр туындыға арқау болған фольклорлық танымға ғылымитұрғыда тұжырым жасалды. Сондай-ақ, қазiргi қазақ прозасындағы фольклорлық мотивтер жаңашабағытта қайта жаңғырып, көркемдiк сипатта қолданылып жүргенi бағымдалады. Көркем әдебиеттiөзге өнер түрлерiнен бөлiп алудың өзi оның сан қырлы сипатын танытады. Солардың iшiнде фольклордың мәнi ерекше. Фольклор мен әдебиеттің тарихи өзара байланысы әлем әдебиетi дамуыныңең бiр маңызды сипатын бередi. Әр дәуiрде әдебиеттiң фольклорға бет бұруы күрделi тарихи заңдылықтардың ашылуы, ақын-қаламгерлердiң фольклордың нақты, тарихи, мәндi кезеңдеріне назараударуы оның нақты бiр ұлттық ерекшелiгiн, халықтығын танытудың бiрден-бiр құралы. Фольклормен әдебиет – екi эстетикалық жүйе. Сондықтан да екеуiндегi болмысты тану құралдары бірдейемес. Фольклор мен әдебиет арасындағы байланыс әр дәуiрде әр түрлi сипатта болды. Кейбір дәуiрлерде бұл процесс жанданып отырса, кей дәуiрлерде бәсеңдеп отырған. Осыған қарамастан, әдебиетпен фольклор арасындағы ықпалдастық үнемi жалғасып отырды. Бүгiнгi әдебиетте де фольклорлықдәстүрлерге, оның көркемдiк сипатына назар аудару тереңдеп отыр. Жалпы алғанда, фольклорлықшығармалар халқымыздың бұрыннан келе жатқан таным-түсiнігiнiң формасы екендiгi айтылады.

Сведения

Опубликовано
2019 · Т. 127, № 2, С. 36-44
Язык
Казахский
ISSN
2616-678X · 2663-1288
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University