Тәуелсіздік әдебиеті контексіндегі Рамазан Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» роман-хамсасы
Бұл мақалада Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін жарық көрген тарихи романдардың арқауына айналған тарихи қайраткерлердің, өнер адамдарының көркем тұлғасының жасалуы жайында сөз болады. Өнер адамдарының өмірінен алынған тарихи-ғұмырнамалық романдарқай деңгейде жазылды, көтерген тақырыбы мен формасы жағынан қандай жетістіктерге жетті? деген мәселелер тілге тиек етіледі. Сонымен бірге, тарихи тұлғаларды арқау еткен романдарда ортақ сақталып келе жатқан кемшіліктер де көрсетіліп, теориялық мәселелері талданады. Теориялықмәселелерді негіздеу Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» роман-хамсасындағы өнер қайраткерлері образының сомдалуы бойынша артықшылығы мен олқы тұстары, сондай-ақ, өзіне тән ерекшеліктері қарастырылады. Мұнда, әсіресе Рамазан Тоқтаровтың Абайдың бұрын айтылмаған сонықырларын көрсетудегі М.Әуезов романына ұқсамайтын жаңа формаға, өзгеше тәсілге жүгінгені айтылып, романның ерекшеліктері жан-жақты талданады
Сведения
- Опубликовано
- 2019 · Т. 127, № 2, С. 29-35
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2616-678X · 2663-1288
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University