Реалияларды өзге тілдерге аудару барабарлығы (Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй» романының орыс, ағылшын тіліндегі аудармалары негізінде)
Реалияны өзге тілдерде беру үшін дұрыс аударма тәсілін таңдау не реалия аудармасының сапасын талдау кезінде аудармашының не сыншының басшылыққа алатын талаптарытек ұлттық-тарихи бояуды сақтауға бағытталған. Дегенмен, реалия аудармасының барабарлығынқамтамасыз ету үшін оның денотативтік мағынасымен қатар, түпнұсқадағы қызметі негізге алынуықажет. Көркем шығармадағы реалиялар дескриптивті, символдық, ассоциативті және эмоционалдық-экспрессиялық қызметтер атқаруы мүмкін. Берілген мақалада С. Елубайдың «Ақ боз үй» романындағы ұлттық реалиялардың түпнұсқадағы қызметтері анықталып, олардың орыс және ағылшынтілдеріндегі аудармаларының барабарлығы талданады. Түпнұсқадағы қызметі аудармада барабаркөрініс тапқан кезде реалия аудармасының прагматикасы қамтамасыз етіледі.
Сведения
- Опубликовано
- 2019 · Т. 127, № 2, С. 185-192
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2616-678X · 2663-1288
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University