Central AsianResearch Index

Қытай және қазақ тілдеріндегі сөз тіркестерінің байланысу тәсілдері мен түрлері

Қытай және қазақ тілдеріндегі сөз тіркесі синтаксисінің қалыптасу кезеңі елуінші жылдардан басталады. Қазақ тілінің сөз тіркесінің жеке категория болып қалыптасуы М.Балақаевтің есімімен тікелей байланысты. Ал қытай тілінің сөз тіркесі Ма Жянжоңның 马氏文通(Mashiwentong, 1898 ж.) деген еңбегінен бастап, қытай тілі жөнінде жазылған еңбектерде айтылабастады. Қытай және қазақ тілдеріндегі сөз тіркестерін жан-жақты зерттеуге баса мән беріліп отырғанымен, кейбір мәселелер әлі де шешімін таппаған деп айтуға болады. Сондықтан сөз тіркесі– жан-жақты зерттеуді күтіп отырған күрделі де көкейтесті мәселелердің бірі. Қазақ (әсіресе, қытайдағы қазақ тілі) және қытай тіл білімінде толық шешімін таба қоймаған даулы мәселелер көп,атап айтқанда: сөз тіркесінің анықтамасы; негізгі сөз бен көмекші сөздің тіркесі еркін сөз тіркесініңқатарына жата ма? салаласа байланысқан тіркестер еркін сөз тіркесінің қатарында қарала ма? предикативті тіркес (тізбек) сөз тіркесі деп таныла ма? сөз тіркесінің күрделі сөз және сөйлемнен айырмашылығы; сөз тіркесі сөйлемде немесе сөйлемнен тыс қолданыла ма? сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, т.б. Мақалада қытай және қазақ тілдеріндегі сөз тіркесінің байланысутәсілдері мен сөз тіркесін топтастыру принциптерінің салғастырмалы сипаттамасы жасалып, қытайжәне қазақ тілдеріндегі сөз тіркестерінің байланысу тәсілдері мен жасалу жолдары және құрылымдық түрлерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары сөз болады.

Сведения

Опубликовано
2019 · Т. 127, № 2, С. 172-184
Язык
Казахский
ISSN
2616-678X · 2663-1288
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University