Central AsianResearch Index

Халел Ғаббасов: өмір мен өріс мектептері

Мақалада Алашорда үкіметі төрағасы Әлихан Бөкейханның орынбасары болғанкөрнекті мемлекет қайраткері, «Сарыарқа» газетінің редакторы, В.Ломоносов атындағы Мәскеумемлекеттік университетінің физика-математика мамандығын алтын медальмен бітірген тұңғышқазақ Халел Ғаббасұлы және Ғаббасовтар әулеті туралы деректер ұсынылған.Халел Ғаббасұлы 1928 жылдың 10 қарашасында Біріккен Мемлекеттік Саяси Басқарма(ОГПУ) тергеушілеріне берген мәліметтері бойынша 1888 жылы Семей уезінің Шаған болысындадүниеге келген.Бүгінде Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қарақол ауылында Алаш қайраткері Халел Ғаббасұлының немере інісі Берікбол Әділхасенұлы Баязитов тұрады. Берікбол Әділхасенұлының әкесі Әділхасен Баязитұлы - Халел Ғаббасұлымен бір атадан тарайтын немере ағайыны.

Сведения

Опубликовано
2019 · Т. 126, № 1, С. 94-103
Язык
Казахский
ISSN
2616-678X · 2663-1288
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University