Central AsianResearch Index

Метамәтін құрылымындағы мифтік символика

Мақалада мифтің қазіргі зерттеулердегі тұжырымдары қарастырылып, оның символикалық табиғатына назар аударылады. Мифке берілген анықтамаларға талдау жасалады. Символдың миф құрылымындағы ролі туралы пайымдаулар жүйеленіп, оның тұспалды, ақпараттыққызметін метамәтінділік бағытта қарастырудың негіздері ұсынылады. Мифолог ғалымдардың символды таныту, түсіндіру мақсатындағы ой-пікірлері ұсынылған еңбектері назарға алынады. Мифтіңең негізгі атрибуты – символ екендігіне баса мән беріледі. Символиканы түсіндірудегі метамәтінніңмаңыздылығы ескеріліп, осы бағытта талдау жасау қажеттігі дәлелденеді. Мәтінаралық байланыстар туралы тұжырымдардан туындаған метамәтіннің өзіндік ерекшелігі, қызметі көрсетіліп, солнегізе мифтерді көне және жаңа мәтін ретінде сабақтастыра қарастыру негіздері анықталады. Талдау нысанына көне мифтерден, фольклорлық туындылардан және көркем әдебиеттен нақты мысалдар алынады. Мифтік түсініктегі екі дүниенің арасын байланыстырушы су әлемі адам жанынтасымалдаушы кейіпкерлер қызметі қарастырылады.

Сведения

Опубликовано
2019 · Т. 126, № 1, С. 8-15
Язык
Казахский
ISSN
2616-678X · 2663-1288
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University