Central AsianResearch Index

Томирис - «Мәңгілік ел» идеясының символы

Мақалада түркі дәуіріне дейінгі қаһармандық аңыздаулар қатарындағы Томириспатшайым туралы аңыздарға тарихи жазбалар және көркем туындылармен салыстырмалы талдаулар жасалады. Томирис туралы аңыздаулар он екі мотивке жіктеліп, сол мотивтер бойынша тұжырымдар жасалады. Сондай-ақ Геродоттың «Тарих» еңбегіндегі жазбалардың тарихи мәні сараланады. Томирис патшайымның елдікті сақтау жолындағы күресі, ерлік істері, ел билеуші ретіндегітұлғасы – аңыздың негізгі өзегі екендігі көрсетіледі. Елдік пен ерліктің тамаша үлгісі ретінде елжадында мәңгілік сақталған қаһармандардың істері аңыз арқылы дәріптелгені түсіндіріледі. Тарихи оқиға мен аңыздар негізінде түзілген әйгілі тарихшы еңбегіндегі мәліметтер кейінгі, қазіргізаман зерттеушілері мен қаламгерлерінің еңбектеріне қайнар көз болғандығы айтылады. Томириспатшайымның елдік жолындағы ерлігі «Мәңгілік Ел» идеясының бағытында түсіндіріліп, тұжырымдалады

Сведения

Опубликовано
2019 · Т. 126, № 1, С. 69-76
Язык
Казахский
ISSN
2616-678X · 2663-1288
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University