Central AsianResearch Index

Бекмұрат Уақатов зерттеулеріндегі халық өлеңдерінің жанрлық жіктелуі

Халық өлеңдерінің өзіндік тарихы, қалыптасу, даму жолдары бар екені, оның әрдәуірде әр түрде болатындығы - бүгінгі күнде күмән туғызбайтын ақиқат. Қазақ халық өлеңдерішеңберіндегі фольклористика - әдебиеттің бастауы бола тұра, өзіндік қасиеттерге де бай. ӨткенХХ ғасырдың өзінде-ақ қазақ фольклорының тарихи кезеңдерін қарастыруға ұмтылыс болды. Осыретте фольклортанушы Бекмұрат Уақатов ұлттық халық өлеңдерінің типологиясын хронологиялықтұрғыда зерделеуі фольклортану ғылымына қосылған зор үлес деп білеміз. Осы орайда аталмышмақалада ғалымның халық өлеңдерінің жиналуы мен зерттелу жағдайы туралы ғылыми ой-пайымдары қарастырылады. Оның зерттеулеріндегі халық өлеңдерінің жанрлық сипатын таныту шеберлігі мен халық өлеңдерін жүйелеу мәселесінің ерекшелігін көрсетудегі еңбегіне талдау жасалынады.

Сведения

Опубликовано
2019 · Т. 126, № 1, С. 61-68
Язык
Казахский
ISSN
2616-678X · 2663-1288
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University