Central AsianResearch Index

З. Ахметов зерттеуіндегі Абайдың шығармашылық мұрасы

З. Ахметовтің Абай мұрасы мен шығармашылығына арналған зерттеулері – ұлттық әдебиеттанудағы теңдесі жоқ іргелі ғылыми еңбектер. Ғалым – Абайтану саласына М.Әуезовтен кейін елеулі еңбек сіңірген. «Лермонтов және Абай» деген тақырыпта кандидаттық диссертацияқорғап шыққанда ғалым небәрі жиырма үш жаста екен. Аса ірі қоғам қайраткері, биік парасат иесіЗ. Ахметовтің жұлдызды ғұмыр жолы осылай басталып, туған елінің рухани гүлденуіне, ұлттықмәдениет пен әдебиеттің дамуына бар күшін жұмсады.Ғалым А. Егеубаев З. Ахметовтің Абайтану саласындағы ғылыми ізденістерін 4 арнағабөліп қарастырады. Ең алдымен, Абайдың орыс әдебиеті классиктерінен аудармалары, соныменбірге Абайдың аудармашылық мектебінің өзіндік ерекшеліктері, қазақ өлеңін осы бағытта байытыпдамытуы жөніндегі зерттеулер. Екіншісі, әрине, Абайдың ақындық әлемі. Үшіншісі, Абай шығармаларының текстологиясы. Төртіншіден, Абай сыншыларының сындарына көзқарасы.Абай шығармаларын текстологиялық тұрғыдан қарастыру – үлкен батылдықты қажет еткенкөкейтесті мәселелердің бірі болды. З.Ахметов Абайдың «Толық шығармалар жинағының» әр жылдардағы төрт басылымның (1954, 1957, 1970, 1995) дайындап, құрастырушылардың және түсінікавторларының бірі ретінде қатысты. 1954, 1957 жылғы жинақтарды шығару үстінде ұлы зерттеушіМ.Әуезовпен әріптес ретінде қызмет атқарды. Сонымен қатар, академик ғалым Абай шығармаларының өзге тілде жарық көрген басылымдарының да алғысөзін жазып, әрі құрастырушысы да болды. Санамалап айтсақ, 1970 жылғы белорус, армян, молдаван тіліндегі жинақтарды текстологиялықтұрғыдан сұрыптап құрастырушы болды.

Сведения

Опубликовано
2019 · Т. 126, № 1, С. 54-60
Язык
Казахский
ISSN
2616-678X · 2663-1288
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University