Central AsianResearch Index

Ә. Нұршайықовтың эпистолярлық мұрасы

Мақалада қаламы қарымды қаламгер Ә.Нұршайықовтың эпистолярлықроман жазудағы жазушылық шеберлігі талданады. Қазақ әдебиетіне айтарлықтай үлесқосқан жазушы М.Иманжанов жайлы жазылған «Қаламгер және оның достары» атты эпистолярлық еңбегі жан-жақты қарастырылады. М.Иманжановпен жазысқан хаттары, естеліктерін зерделеніп, сараланып роман жазудағы жазушының дара болмысы, биік ұстанымысипатталады. Сондай-ақ жазушының ұлтжанды азамат тәрбиелеуде М.Иманжанов жайлыестеліктерінің келешек жастарға берер тәрбиелік мазмұны мен қуаты терең сөз етіліп жәнеоның қайраткерлік тұлғасына, патриоттық бейнесіне талдау жасалады.М.Иманжановтың қаламдас достарының естеліктері мен жазысқан хаттарынанүзінділерін талдау арқылы тау тұлғалы азаматтың азаматтық келбетіне, жан дүниесіндегібеймәлім сырларына бойлап, рухани жан дүниесіне үңілеміз. Қаламгердің хаттары осынысымен де құнды рухани қазыналардың бірі болмақ.

Сведения

Опубликовано
2019 · Т. 126, № 1, С. 39-45
Язык
Казахский
ISSN
2616-678X · 2663-1288
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University