Central AsianResearch Index

«Ер Төстік» ертегісінің лингвосемиотикалық аспектісі

Фольклорлық ертегілерді талдай келе, халық қиял-ғажайып ертегілері жалпы құрылымдық модельді пайдалана отырып құрылатындығына сенімді бола аламыз. Осындайқұрылымдық ұқсастық моделін ресейлік лингвист В.П.Пропп құрды.Халық ертегілерін зерттеудегі бұл революция құрылымдық-семиотикалық лингвистикааясында жаңа зерттеулерге жол ашқан В.Я.Пропптың «Ертегілер морфологиясы» кітабын жариялағаннан кейін пайда болды. Барлық зерттеушілер мәтінді құрылымдық зерттеудің басталуын 1928жылы жарияланған В.Я.Пропптың «Ертегілердің морфологиясымен» байланыстырады.Мақалада қиял-ғажайып ертегілерінің лингвосемиотикалық құрылымындағы ерекшеліктері,ұлттық этномаркерлер танымдық тұрғыда сараланады. Негізгі зерттеу нысанына қазақ халқының«Ер Төстік» қиял-ғажайып ертегісіндегі тілдік бірліктер алынып, ертегі мәтінінен алынған тілдікдеректерге лингвосемиотикалық талдау жасалды. Нәтижесінде, қиял-ғажайып ертегілерінің мазмұнындағы тілдік таңбалардың семиотикалық сипатына қатысты маңызды тұжырымдар жасалды

Сведения

Опубликовано
2019 · Т. 126, № 1, С. 165-172
Язык
Казахский
ISSN
2616-678X · 2663-1288
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University