Дала патшайымдары туралы аңыз бен ақиқат
Мақалада ежелгі сақ дәуіріндегі қаһармандық аңыздаулардағы Томирис патшайымның ерлігі жайлы, ұлы даламызды мекен еткен сақтардың ерлігі туралы тарихи жазбаларғатұжырым жасалады. Гректің ұлы ойшылы Геродоттың «Тарих» еңбегіндегі сақтардың салты мендәстүріне, дүниетанымына, елі үшін жасаған ерен ерліктеріне сүйене отырып, ұлы даламызды жаудан қорғай білген қолбасшылардың ерліктері сөз етіледі. Аңыздың негізгі өзегі – ел есінде мәңгі сақталған Томирис патшайымның ерлігі арқылы түсіндірілгені талданады. Томирис патшайымаңыз кейіпкері ғана емес, ол тарихи шындық негізінде құрылған оқиғалардың бас қаһарманы.Тарихи аңыз түріндегі бұл шығармада өмірде болған қолбасшылар жайлы нақты деректер келтіріледі.Біздің дәуірімізге дейінгі 530-529 жылдарда болған бұл шайқас әдеттегі соғыс емес, Ұлы даланымекен еткен массагет-сақтардың парсы патшасы Кир бастаған қалың әскерден өз Отанын қорғапқалған тарих шындығы. Осы жағдайлар аңызда нақты көрсетіліп, соғыстың қалай басталып, қалайөрбігені, қалай өз мәресіне жеткендігі толық айтылады.Олай болса, бұл аңыз ақиқатқа негізделгентарихи шындық екені түсіндіріліп, тұжырымдалады.
Сведения
- Опубликовано
- 2019 · Т. 126, № 1, С. 16-23
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2616-678X · 2663-1288
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University