Central AsianResearch Index

Қазақ лексикасындағы құқықтық ақпараттарды зерттеудің жалпы мәселелері

Қазақ тұрмысындағы байырғы дәстүр мен қоғамдық қатынастардың өзгеруінебайланысты сөздердің табиғатында да түлі өзгерістер болған. Солардың қатарына сөз мағынасындағы құқықтық ақпараттарды жатқызуға болады. Мысалы, «әке» сөзінің мағынасында оныңқұқығы мен міндеттері қатар қамтылады. Әке бала-шағасын бағуға, қамқор болуға міндетті жәнеосыған сәйкес олардан талап ете де алады. Сол секілді ана, ұл, қыз, аға, жеңге т.б. көптеген атаулар мағынасында да осындай құнды ақпараттар сақталған. Сонау ғұн, сақ дәуірлерінен жалғасыпкеле жатқан бұл дәстүр тілдік қордағы сөздердің мазмұнынан берік орын алған. Алайда соңғы ғасырларда болған қазақ қоғамындағы өзгерістер осы асыл құндылықтардың көмескіленуіне ықпалетті. Мақалада қазақ сөзі мен оның өн бойында тұнған құқықтық қағидалардың сырларына түсінікберіледі және экстралингвистикалық мәселелеріне талдаулар жасалады

Сведения

Опубликовано
2019 · Т. 126, № 1, С. 120-126
Язык
Казахский
ISSN
2616-678X · 2663-1288
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University