Ұлы Дала фольклорындағы Арқалық батыр бейнесі
Фольклор мен әдебиеттің адамзаттың көркемдік дамуында алатын орны өте зор.Халықтың рухани дамуы мен мәдени ілгерлеуіндегі ауызша және жазбаша әдебиеттің өзара күрделіұқсастықтары да, айырмашылықтары да бар. Бұл құбылыстардың мәні мен өзгешелігін нақты біліпотыру аса қажетті нәрсе. Осы ретте қаһармандық эпостарда жасалған батыр тұлғасын образ-бейнеретінде қарауға болмайды. Батырлар бейнесі халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамтиотырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеуметтік қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болғанқалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі. Аталмыш мақалада осындай жырлардың бірегейі «Арқалық батыр» жырының түрлі нұсқадағы берілуі мен оның көркемдігіне талдаужасалынады. Әсіресе «Арқалық батыр» жырының зерттелу тарихын, жырдың көпнұсқалылығын,осы күнге дейін ауызша-жазбаша сақталған барлық нұсқаларын толық, тұтастай, кешенді түрдеқарастырған көбінесе фольклортанушы Бекмұрат Уақатовтың еңбегі туралы сөз болады.
Сведения
- Опубликовано
- 2018 · Т. 125, № 4, С. 94-101
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2616-678X · 2663-1288
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University