Central AsianResearch Index

Атилла туралы аңыздаулар

Мақалада ғұн империясының даңқты билеушісі Атилла (Еділ) туралы аңыздаулардың көркем әдебиеттегі көрінісі қарастырылады. Қазақ халқының арғыата-бабалары ғұндар мен оның патшасы Аттиланың мифтегі орны көркемдік бейне болыпсақталғандықтан, оның батырлық тұлғасына байланысты жазылған деректер талданды.Әлем халықтарының аңыздарына арқау болған даңқты қолбасшының мемлекет құрудағыжәне елдікті нығайтудағы істері оның көркем образын жасауға негіз болғандығы талдауларнәтижесінде тұжырымдалады. «Нибелунг туралы жыр», «Алып қолды Вальтарий» сындыежелгі герман эпостарында, исландиялық «Волсунга туралы сага», норвегиялық «Тидректуралы сага», скандинавиялық «Эдда» аңыздарындағы ұлы қолбасшының бейнесі салыстырылған. Әлемдік зерттеуші ғалымдар мен қаламгерлердің Атилла туралы жазбаларындағы деректер мен халық мұрасындағы сюжет, мотивтер талдаудың негізгі өзегіне алынған.

Сведения

Опубликовано
2018 · Т. 125, № 4, С. 8-15
Язык
Казахский
ISSN
2616-678X · 2663-1288
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University