Central AsianResearch Index

Қазіргі қазақ тіліндегі «ақ» сөзінің сөзжасамдық әлеуеті

Қазақ тілінде «ақ» сөзі көпмағыналы сөздердің қатарында қарастырылады.Тілімізде бұл сөз заттық, сындық, сапалық мағыналарда қолданылатын көптеген сөздердің жасалуына негіз болған. Мақалада қазіргі қазақ тіліндегі «ақ» сөзінің сөзжасамдық әлеуеті сол сөзденөрбіген сөзжасамдық ұяға талдау жасау негізінде анықталады. Тілдік деректер, яғни туынды сөздерғалым Б. Қасымның «Күрделі зат есімдер сөздігінен» және «Қазақ әдеби тілінің сөздігінен» жиналған. Сөзжасамдық ұяны зерттеген ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалып, «ақ» сөзінен 211туынды сөз жасалғаны анықталады. Сонымен қатар сөзжасамдық ұядағы туынды сөздің 15-і синтетикалық тәсіл арқылы, 21-і лексика-семантикалық тәсіл арқылы, 175-сі аналитикалық тәсіл арқылыжасалғаны, 202 сөзжасамдық жұп, 174 сөзжасамдық тізбек, 3 сөзжасамдық тарам, 6 сөзжасамдықсаты бары дәлелденеді.

Сведения

Опубликовано
2018 · Т. 125, № 4, С. 136-144
Язык
Казахский
ISSN
2616-678X · 2663-1288
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University