Central AsianResearch Index

Қазіргі қазақ поэзиясындағы киелі жердің мифопоэтикалық бейнесі

Тәуелсіздік алған кезеңнен бастап қазақ әдебиеттану ғылымы өзінің даму ерекшелігі жағынан біршама трансформациялық өзгерістерге ұшырады. Сол себепті көркем әдебиеттің фундаментальды мәселелерін оңтайлы шешуде мифопоэтика алдыңғы қатарға шықты. Қазіргікөркем әдебиеттегі мифопоэтикалық бағдар қаламгерлер шығармашылығындағы жалпы көркемэстетикалық көріністерді суреттеумен қатар ақын-жазушылардың шығармаларындағы түрліше адами-философиялық ізденістерді де сипаттайды. Сондықтан бұл мақалада қазіргі қазақ поэзиясындағы киелі жерлер образының мифопоэтикалық негіздері қарастырылады. Яғни қазіргі қазақ поэзиясындағы мифологиялық танымға негізделген, шығарманың біртұтас құрылымдық жиынтығынаайналған киелі жерлердің символдық-мотивтік, хронотоптық көрінісі сипатталады. Соған сәйкесең алдымен киелі жерлерге қатысты адамзат танымында қалыптасқан басты ұғым-түсініктер меннақты семантикалық қолданыстар мәдениет пен әлеуметтің константты үлгісін жасайды.

Сведения

Опубликовано
2018 · Т. 125, № 4, С. 115-120
Язык
Казахский
ISSN
2616-678X · 2663-1288
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University