Central AsianResearch Index

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырындағы сапалық сын есімдердің семантикасы

Фольклор тілін лингвистикалық тұрғыда зерттеу ғылымдар тоғысында қалыптасқан лингвофольклортану саласының маңызды міндеттерінің бірі болып танылады. Мақалада«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырындағы сапалық сын есімдердің семантикалық ерекшеліктері талданып, фольклордың семантикалық кеңістігіндегі мағынасы мен қолданысы қарастырылады.Фольклорлық мәтіндерде қолданысы мен мағынасы жағынан ерекшеленетін сөз таптарының бірі – сын есімдер. Сын есімнің мағыналық бір түрі – сапалық сын есімдердің фольклор мәтіндеріндегі семантикалық жүгі олардың семантикалық құрылымындағы компоненттер (семалары)арқылы анықталады.Ауыз әдебиеті жанрлары, оның ішінде лиро-эпостық мәтіндерде сын есімдер жиі қолданылып, аса маңызды семантикалық сипатқа ие болады. Сонымен қатар дүниенің фольклордағыбейнесін жасауда ерекше рөл атқарып, ұлттық мәдениеттің, салт-дәстүрдің фольклордағы өкілі қызметін атқарады. Осыған байланысты сапа сындарының фольклор тіліндегі семантикасын зерттеубарысында фольклор семантикасына қатысты бірқатар маңызды мәселелер анықталады

Сведения

Опубликовано
2018 · Т. 125, № 4, С. 108-114
Язык
Казахский
ISSN
2616-678X · 2663-1288
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University