Қазақ және Қытай тіліндеріндегі метафоралардың ерекшеліктері
Қарастырылған жұмыста қазақ тілінде жиі кездесетін кейбір метафоралардыңқытай тілінде мағыналас мәнде қайталануы, өзіндік сипатқа ие болу қасиеттері айқындалады.Берілген жұмыста қытай тілі мен қазақ тіліндегі метафоралар салыстырыла отырып когнитивтіктұрғыдан қарастырылады. Әртүрлі табиғат құбылыстарына деген өзге халықтардың көзқарастары,адам және жануар образдары ассоциативтік түрде сипатталып, метафоралық мағыналармеханизмдерінің ортақ және ұлттық-спецификалық ерекшеліктері түсіндіріледі.Қытай тілі мен қазақ тіліндегі концептілерге компоненттік талдау жасалып, олардың олардың коннотативтік семалары бөлініп шығарылды, сондай-ақ екі ұлттың мәдени ерекшеліктері жайлы білімге сүйене отырып, алынған концептілермен байланысты ассоциациялары талданды.Салыстырмалы талдау жасау нәтижесінде екі халықтың ұлттық спецификалық және ортақерекшеліктері айқындалып, бастапқы денотаты бойынша екі тілде бірдей концептілердің образдысемантика қатынасының бірнеше түрі бөліп шығарылды.
Сведения
- Опубликовано
- 2018 · Т. 124, № 3, С. 98-108
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2616-678X · 2663-1288
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University