Central AsianResearch Index

Армян-қыпшақ ескерткіштеріндегі есім сөз таптарының жалпы сипаты

Қазіргі түркітану мен тілтанымның түрлі салаларында қыпшақ тілінде жазылғанмұралар сипатталып, зерттелгенімен, «Төре бітігі», «Қыпшақ грамматикасы» секілді армян-қыпшақескерткіштері тілдік тұрғыда арнайы зерттеу нысаны болған емес. Осы себепті мақалада орта ғасырлық армян-қыпшақ «Төре бітігі», «Қыпшақ грамматикасы» жазба ескерткіштерінің тілінде кездесетін есім сөз таптарына жан-жақты талдау жасалған.Қазіргі қазақ тілінің орта ғасырлық қыпшақ тілі негізінде дамығаны белгілі. Мақала тақырыбының негізгі мақсаттарының бірі – орта ғасырлық қыпшақ тілінен қазіргі қазақ тілінің қалайшаөсіп шыққандығын нақты тілдік деректер мен заңдылықтарды зерттеу негізінде дәлелдеу. Армения«Матенадаран» мұрағатында сақталған қолжазбалар осы мақалада қазақ тіл білімінде алғаш ретғылыми пайымдаулар мен зерттеуге негіз болған.

Сведения

Опубликовано
2018 · Т. 124, № 3, С. 192-203
Язык
Казахский
ISSN
2616-678X · 2663-1288
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University