Central AsianResearch Index

Неміс тіліндегі аффиксті жаңа мағыналы туынды сөздердің прагматикалық аспектілері

Лингвистика дамуындағы соңғы бағыттардың бірі - тілдегі жаңа сөздердің қызметіне прагматикалық көзқарас тұрғысынан автор мақалада неміс тіліндегі жаңа сөздердің, оныңішінде аффиксті тәсіл арқылы жасалған туынды сөздердің прагматикалық мағынасын қарастырады.Мақаланың мақсаты - неміс тіліндегі аффиксті жаңа мағыналы туынды сөздердің прагматикалықкомпоненттерін талдап көрсету болып табылады. Бұл мақсат жаңа сөздерге компонентті талдау жасай отырып, жүзеге асырылды. Нәтижесінде автор белгілі бір аффикстің тілдегі бұрыннан бар сөзгежалғана отырып, сол туынды сөзге жаңа мағына беріп қана қоймай, прагматикалық мағынаның интенсионалды, импликационалды және эмоционалды компоненттеріне ие болатындығын көрсетеді.

Сведения

Опубликовано
2018 · Т. 124, № 3, С. 185-191
Язык
Казахский
ISSN
2616-678X · 2663-1288
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University