Central AsianResearch Index

Әлемнің мәдени бейнесіндегі Шығыс және Батыс кеңістігі (лингвомәдениеттанымдық тәжірибе)

Мәдениетаралық коммуникация кеңістігін қарастырудағы өзекті нысанның бірі – әлембейнесі, оның ішінде әлемнің мәдени бейнесі мәселесі. Мақалада Шығыс және Батыс әлемінің мәденибейнесін лингвомәдениеттанымдық тұрғыдан қарастырып, білімгерлер көзімен екі өркениеттің мәденикартасын жасау діттелді. Мәдени картаны жасақтау барысында білімгерлер арасында үш тақырып бойынша лингвомәдениеттанымдық тәжірибе жүргізілді. Әр тақырып нысанына қатысты 5-10 сөз көлемінде мысал келтіріліп, екі мәдени кеңістік тілдік-мәдени қырынан интерпретацияланды. Лингвомәдениеттанымдық тәжірибе 2011-2012, 2013-2014 және 2016-2017 оқу жылдары Филология факультетіндежүргізілді.Әлемнің мәдени бейнесіндегі Шығыс және Батыс диалогын бірлікте қарастыру, лингвомәдени картасын жасау мәдениетаралық коммуникацияның өзекті мәселелерін тереңірек ашуды көздейді.Шығыс және Батыс мәдени кеңістігіне тілдік саяхат жасау арқылы қазақ елі жастарының мәдени-танымдық стеоротиптерін анықтауға, ұлттардың дүниетанымы мен мәдениетін, әсіресе, ұлттық құндылықтарды тереңірек тануларына жол ашуға мүмкіндік туады.

Сведения

Опубликовано
2018 · Т. 124, № 3, С. 135-148
Язык
Казахский
ISSN
2616-678X · 2663-1288
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University