Ақын Сәбит Дөнентайұлының мысал өлеңдері
ХХ ғасыр басындағы ұлт әдебиетінің айтулы өкілі Сәбит Дөнентайұлының шығармашылығы мен әдеби мұрасы әлі де болса жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Соның ішінде ояну дәуірініңрухында отаршылдық саясатты айыптаған саяси-әлеуметтік лирикасы, патшалық қысымдағы елдіктақырыптарды батыл көтерген мақалалары қазіргі әдебиеттануда жаңаша танымда саралануы қажет.Ақынның мысал өлеңдері де тереңірек талдауды қажет ететін маңызды тақырып. Мақалада С.Дөнентайұлының қазақ сөз өнеріндегі мысал жанрын дамытудағы көркемдік ізденістері сараланады. Мысал өлеңдерінің тақырыптық-идеялық өзегі екшеледі. Заман қайшылығына, дәуір шындығына мысал жанрындаүңілуінің ақындық ерекшеліктеріне баға беріледі. Сатиралық жанрдағы өлеңдерінің адам бойындағыжағымсыз мінездерін сын тезіне салып, заман ақиқатын суреттеудегі қалам қарымы талданады. Мысалөлеңдеріндегі жемқорлар мен шен-шекпенге құл болған жетесіздерді шенеп, уытты мысқылға алынуының өмірлік тағылымы бүгіндері де өзектілігін жойғаны жоқ.
Сведения
- Опубликовано
- 2018 · Т. 124, № 3, С. 128-134
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2616-678X · 2663-1288
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University