Central AsianResearch Index

Л.З. Будаговтың «Түрік-татар сөздерінің салыстырмалы сөздігінің» қазақ лексикографиясындағы орны

Мақалада түркітанушы ғалым Л.З. Будаговтың «Түрік-татар сөздерінің салыстырмалы сөздігінің» лексикалық және семантикалық ерекшеліктерін талдау және қазіргі түркітілдеріндегі алатын орнын айқындау мәселелері қарастырылады. Қазақ тіл білімінде аталған лексикографиялық еңбектің алатын орны ерекше, сондықтан бұл сөздіктің авторы, еңбекті құрастырудың мақсаты мен міндеттері, құрылымы, сөздердің берілу жүйесі, транскрипциялануы, түсіндірілуімен тарихи құндылықтары сөз болады. Сонымен қатар тақырыпты ашу мақсатында бұл тарихиеңбектің тіл біліміне қосар үлесінің, оның құндылығының өте жоғары екендігін дәлелдейтін нақтымысалдар келтіріледі. Қазақ халқының салтында, тұрмыстық дәстүрінде, әдет-ғұрыптарында кездесетін өзіндік болмыстарды нақты суреттейтін мысалдар: бес қонақ, құралайдың салқыны, қозыкүзем, суыр базары т.б. ұғымдар туралы нақты деректер сараланып беріледі. Келтірілген мысалдарқазіргі таңдағы Қазақстанның батыс өңірінде кездесетін тұрмыстық әдет-ғұрыптарға сәйкес келеді.

Сведения

Опубликовано
2018 · Т. 123, № 2, С. 38-43
Язык
Казахский
ISSN
2616-678X · 2663-1288
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University