Филология мамандығы бойынша білім алушыларды компьютерлік технология бағытында оқыту – заман талабы
Бұл мақалада жоғары оқу орындарында филолог-студенттерді қолданбалы лингвистика саласының маманы, қосымша компьютерлік бағдарламашы мамандығын бірге оқыту жолдары мен тәсілдері қарастырылады. Себебі қазіргі тіл білімінде тілдік құбылыстар мен фактілердідәстүрлі грамматика тұрғысынан ғана емес, тілдің қолданбалы салалары тұрғысынан зерттеп, зерделеу қалыптасып, берік орнықты деуге болады. Мақалада алдымен, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының лингвистикадағы рөлі түсіндіріліп, одан кейін М.В. Ломоносов атындағыМәскеу мемлекеттік университетінің Қолданбалы лингвистика бөлімінің бағдарламасы негізіндефилолог-мамандарға филологиялық пәндермен қоса «Қолданбалы математика» және «Бағдарламалау негіздері» т.б. пәндерді білім беру бағдарламасының қай мерзімінде оқытылуы керектігі жәнебұл пәндердің мазмұнында не оқытылуы керектігі туралы айтылады.Мұның өзі қазір ғылым мен техниканың жетістіктерін өмірдің барлық салаларында, оның ішінде филологияда, кеңінен қолданылуымен байланысты болып отыр. Бұл, әрине қазіргі қоғамды компьютерлендіру процесімен байланысты екені белгілі. Сондықтан филология мамандығының түлектерін компьютерлік технология бағытында оқыту үшін қандай пәндер және ол пәндер нені меңгеруітиіс екені көрсетілдеі.
Сведения
- Опубликовано
- 2018 · Т. 123, № 2, С. 166-172
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2616-678X · 2663-1288
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University