Ғаламның тілдік «культ» концептісі
«Культ» концептісі қандай да болмасын халықтың рухани-мәдени концептілержүйесінде өзіндік орны бар концептілерінің бірі. Рухани мәдениет адамдардың қоршаған дүниеге көзқарасы, діни танымы, наным-сенімі, мінез-құлқы, қабілеті, т.б. ұғымдар арқылы танылады.Культ өзінің абстракциялы сипаттамасы бойынша өте күрделі. Культтік лексиканы зерттеу - діндізерттеу емес, ол тіл арқылы халықтың ертедегі рухани байлығын, рухани-мәдени өмірін, дүниетанымдық болмысын, наным-сенімін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін жан-жақты қарастыру, байымдауболып табылады. Әр ұлттың өз әлемдік бейнесі бар, себебі тіл тек ойлау, қарым-қатынастың құралығана емес, тіл бүкіл этностың рухани және мәдени айнасы. «Культ» концептісі жүйесіндегі «сыйыну», «жалбарыну», «табыну», «құрметтеу» сөздерінің тілдік-танымдық моделі ерекше мәнге ие.Концепт арқылы халықтың, ұлттың дүниетанымын, ой-өрісін, білімін анықтауға болады.
Сведения
- Опубликовано
- 2018 · Т. 123, № 2, С. 155-165
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2616-678X · 2663-1288
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University