Ұлттық тіл табиғаты: әліпби мәні мен эволюциясы (Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің тарихы мен даму үрдістері туралы)
Қазақ тілін латын жазуына көшіру қоғамда қолдаумен қатар қызу талқылау, әрқилы көзқарас, алуан пікірталастар тудырды. Жұмыс тобы, мамандар бақылау-пысықтау, талдау менталқылаулар жасады. Кемшіліктер де байқалды. Негізсіз әріп, кірме дыбыстар мен ноқаттар көбейді. Артық таңба, апостроф, диграф төңірегінде де пікірталастар өріс алды. Оқып-жазу, үйренумен үйрету, танып-түсіну қиындық туғызды. Осының негізінде жұмыс тобы, біліми-ғылыми салаөкілдері, ІТ мамандары мен сарапшылар жұмыла еңбек етті. Нәтижесінде, ҚР Призентінің «Қазақтілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығына (26. 10. 2017) өзгерісенгізіліп, жаңа редакциясы қалың көпшілікке ұсынылды ( 19. 2. 2017).Алайда, Әліпби мәселесі, «бір таңба-бір дыбыс» жүйесі оп-оңай жүзеге аса салмайды. Жазу-сызуға, оқып-үйрену мен үйрету ісіне кедергі келтіріп, қиындық туғызатын тұстар соңғы нұсқаға қатысты Жарлық пен өзгерістен де көрініс берді (19. 2. 2018). Әлемдік тәжірибе мен тіл заңдылығынескеру қажеттілігі айқын аңғарылды
Сведения
- Опубликовано
- 2023 · Т. 123, № 2, С. 146-154
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2616-678X · 2663-1288
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University