Central AsianResearch Index

Қазіргі әлемдік және отандық лингвистикадағы фрейм туралы ізденістер

Бүгінгі күнде тілді танымдық тұрғыда зерттеудің үстемдік құрып тұрғаны баршаға аян. Қазіргі тіл білімінде әлем туралы ақпараттар адам санасында қалай қабылданып, өңделіп,сақталып, соңында сыртқа қалай шығарылатындығы мәселесі тілші ғалымдырдың қызығушылығынтудыруда. Сондықтын да фреймді адам санасындағы әлем туралы ақпараттарды ұйымдастырудыңең қарапайым формасы ретінде зерттеу өзекті де қажетті. Жарты ғасырдан бері фрейм терминіпәнаралық ұғым ретінде зерттелінуде. Қазіргі таңда информатика, компютерлік техника, жасандыинтеллект, журналистика, аударматану, шеттілдік білім беру, әдебиеттану және лингвистика т.с.сғылым салаларында жан-жақты зерттеу шеңберінің кеңеюі – фреймнің ерекше маңыздылығын көрсетеді Фрейм теориясының лингвистикадағы зерттелу тарихы әріден басталғанымен, оның ғылыми-кaтегориялық aппaрaты, ұғым түсініктері әліде жүйелі түрде қарастырылып, ғылыми тұрғыдатолық аяқталған жоқ. Деседе жүмысымызда қазірге дейінгі әлемде және Қазақстанда жазылғанғылыми еңбектерге сүйене отырып, фрейм үғымына қатысты анықтамаларды жүйелеп топтап көрсетуге тырыстық.

Сведения

Опубликовано
2018 · Т. 123, № 2, С. 129-139
Язык
Казахский
ISSN
2616-678X · 2663-1288
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University