Central AsianResearch Index

Ноғай әдеби тілінің қалыптасуы

Мақалада Ресей Федерациясында, ТМД-ының кейбір аймақтарында және шетелде мекендейтін байырғы түркі халықтарының бірі – ноғайлардың әдеби тілінің қалыптасып даму тарихы, тарихикезеңдердегі мәртебесі қарастырылады. Ресейдегі түркі халықтарының тілдеріне қолданылып отырған сая сат, қазіргі ноғай әдеби тілінің қолданылу ауқымы мен аясы, қоғамдық-әлеуметтік қызметі, дамуының негізіталданады. Ноғай тілі әліпбиінің қалыптасуы, фонетикалық және лексикалық ерекшеліктері, зерттеушілеріжайлы айтылады. Ноғай тілінің қазақ және қарақалпақ тілдерімен туыстық тамырының тереңде екендігі, үшхалықтың әдебиетінің түп тамырларының да бір, ежелгі ақындардың да үш халыққа ортақ екендігі сөз етіледі.Ноғай тілінің бүгінгі жағдайы, оқытылу деңгейі, қоғамдық-саяси өмірдегі мәртебесі және болашағы зерделенеді. Ноғай тілі ақпараттық кеңістіктен ығысып, тұрмыстық саладан да шеттетілуінің себептері аталады.Ноғай тіліндегі ұлтаралық, кеңестік (орыс тілі арқылы енген), сондай-ақ орыс тілінен енген сөздер біршама. Бұл сөздер ноғай лексикасының барлық салаларында кездесетіндігімен ерекшеленеді. Орыс тілі арқылыенген сөздердің жалпы үлесі араб-парсы тілдерінен енген сөздермен салыстырғанда, айтарлықтай жоғары.Ауыл халқымен салыстырғанда, қала тұрғындары сөзінде олардың жиірек кездесетіндігі байқалады. Ақ ноғайдиалектісінде орыс тілінен енген сөздердің үлесі басым болса, ноғай диалектісі мен қараноғай диалектісіндеолардың мөлшері біршама төмен.

Сведения

Опубликовано
2018 · Т. 122, № 1, С. 88-94
Язык
Казахский
ISSN
2616-678X · 2663-1288
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University